Астанада демалыс күнгі жәрмеңкелер жұмысын бастады

490

Жәрмеңке дәстүрлі түрде әр демалыс сайын Абылай хан даңғылы, 20а (автотұрақ аймағы) мекенжайы бойынша өтеді.

Астанада демалыс күнгі жәрмеңкелер жұмысын бастады Фото: google.com

Астанада қалалық және өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен тағы бір қалалық жәрмеңке басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Кәсіпкерлер тауарлардың кең ассортиментін ұсынады, оның ішінде: сүт және азық-түлік өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, сиыр еті, жылқы еті, қой еті және т.б.

Жәрмеңке сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, дәл осындай жәрмеңке Сауран, 7 және Қосшығұлұлы, 14 мекенжайларында да жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу