Астанада суға түсу 1 маусымда басталады

460

Төтенше жағдайлар департаментінің елордалық азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Құсайынов Астанада шомылу маусымы қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Астанада суға түсу 1 маусымда басталады Фото: CaspianLife

Азамат Құсайынов елордада төрт аймақта – орталық жағажайда, "Три пескаря", "Столичный двор" демалыс орындарында және Бейсеков көпірінің жанындағы алаңда суға ресми түрде рұқсат етілгенін айтты.

Оның айтуынша, елордалық құтқарушылар шомылу маусымының басталуына дайындықты бастап кеткен: су қоймаларының маңында ескерту белгілерін орнатып, қатар қала мектептерінде дәрістер оқып жатыр.

"Суға шомылу маусымы жыл сайын 1 маусымда басталады. Арнайы жабдықталған орындарда, бассейндерде, құтқарушылар бар жағажайларда шомылу керек. Дені сау адамдардың қауіпсіз шомылуы үшін судың төменгі температурасы +18, ал ауа температурасы кем дегенде +23 болуы керек. Бірақ балалар мен науқастар үшін мұндай шомылу температурасы денсаулық пен өмірге қауіпті", А.Құсайынов.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 80% жағдайда адамдар мас күйінде, сондай-ақ жабдықталмаған және бейтаныс жерлерде шомылу салдарынан суға батып кетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу