Астанада жөндеу жұмысына байланысты екі көше уақытша жабылды

531

Елордада Бейбітшілік және Қараменде би Шақаұлы көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Астанада жөндеу жұмысына байланысты екі көше уақытша жабылды Фото: gov.kz

Жұмыс Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде.

Мәселен, жол төсемін орташа жөндеу Абай даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі Бейбітшілік көшесінде жүргізіледі. Осыған байланысты учаскеде осы жылдың 23 мамырынан 1 маусымына дейін автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады. 

Осыған ұқсас жұмыс С.Бейбарыс көшесінен Ақан сері көшесіне дейін Қараменде би Шақаұлы көшесінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты 23 мамырдан 5 маусымына дейін осы учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады. 

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу