Астаналықтар көшені жауып тастады

432

Желіде қаладағы “Мәскеу” тұрғын үй кешенінің тұрғындары көшені жауып тастағаны туралы ақпарат тараған болатын. 

Астаналықтар көшені жауып тастады Фото: видеодан скриншот

Астаналықтар мүлік иелері бірлестігінің төрағасын жұмыстан кетіруді талап еткен.

Аталған жайтқа қатысты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі пікір білдірді. 

“Иманов көшесінде бір топ адам ұтылған МИБ (ПИК) тарапының мүдделерін қолдай отырып, жолды жауып тастады. Азаматтарды заңды қатаң сақтауға шақырамыз. Оның ішінде заңсыз әрекеттерге қатыспау, арандатушылыққа ермеу, қарсы тұрған екі мүлік иелері бірлестігінің сізді өз мүдделеріне пайдалануға жол бермеу. Құқық бұзушыларға құқық қорғау органдары тарапынан әкімшілік және қылмыстық-құқықтық шаралар қолданылатын болады”, - делінген хабарламада. 

Қалалық әкімдік барлық мәселенің тек заң аясында шешілуі тиіс екенін еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу