Астананың 25 жылдығына орай елордада "Құралай" қуыршақтар театрлары арасында III Халықаралық фестиваль өтеді

430

25-29 маусым аралығында театр апталығында дәстүрлі іс-шараға қатысқан 13 театр өз қойылымдарын ұсынады. 

Астананың 25 жылдығына орай елордада "Құралай" қуыршақтар театрлары арасында III Халықаралық фестиваль өтеді Фото: Inbusiness.kz

Елорда күніне орай және қазақтың қуыршақ өнерін бүкіл әлемге танымал ету мақсатында қала әкімдігінің мәдениет басқармасының қолдауымен 25-29 маусым аралығында Астанада қуыршақтар театрлары арасында "Құралай" III Халықаралық фестиваль өтеді.

Биыл оған Қазақстан, Қытай, Перу, Түркия, Сербия, Эстония, Ресей, Өзбекстан елдерінен 13 театр ұжымы қатысады. Биылғы фестивальдің ерекшеліктерінің бірі – арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздарды Астана әкімдігінің "Қуыршақтар театры" жанындағы театр студиясының алғашқы түлектері, яғни балалар анықтайды.

Фестиваль 25 маусым күні сағат 09:30-да қатысушылардың салтанатты шеруімен ашылады, ол "Жастар" сарайынан музыкалық жас көрермен театрының ғимаратына дейін басталады. Сол күні Музада театр апталығының ашылуына арналған гала-концерт өтеді. Оның алаңында қатысушылар көрермендерге өз қойылымдарын ұсынады. Сонымен қатар, танымал әртістер мен педагогтар актерлік шеберлік пен қуыршақтану бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу