Atameken Business арнасы үздік атанды

418

Арнамыздың виртуалды жүргізушілері I-Sanj бен i-Sana Астанада өткен Broadcasting / Cinema2023 конференциясында "Қазақстандағы жыл жобасы" номинациясын иеленді.

Atameken Business арнасы үздік атанды Фото: inbusiness.kz

Шарада медианың төрт саласы бойынша TKT International Awards марапаттары табысталды. Бұл сыйлықтар телевизия, медиа мен кино саласында жетістікке жеткен ұжымдар мен мамандарға беріледі. Ұйымдастырушылар жеңімпазды тәуелсіз сарапшылар анықтағанын айтады. Әр номинацияға ондаған үміткердің ішінен үздіктері лайық деп танылған.

"Atameken Business арнасы Қазақстанда заманауи технологияныалғаш болып енгізгенін мақтан тұтуы керек. Тіпті көпшілік бұл жүргізушілерді көріп, олардың жасанды интеллект туындысы екенін түсінбеуі де мүмкін. Болашақта бұл технологиялар медианың барлық саласында қолданысқа енуі мүмкін. Сондықтан бүгінгі сыйлық Atameken Business арнасына заман ағымына ілесіп, жаңашыл идеяларды өндіріске енгізгені үшін берілді", - деді Медиа өндірісі саласыныңтәуелсіз сарапшысы Владислав Богусеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу