Атырау қаласында қылмыстық топ кәсіпкерлерден 10 млн теңге бопсалаған

803

Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаменті хабарлайды. 

Атырау қаласында қылмыстық топ кәсіпкерлерден 10 млн теңге бопсалаған Фото: inbusiness.kz

Атырауда кәсіпкерлерден 2,6 млн теңге алу кезінде қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілердің құрылымсыз діни ағым өкілдері екені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты Атырау облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәлімдесі бойынша, күдік 6 желтоқсанда ұсталды.

"Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жеке кәсіпкерлерден 10 млн теңге бопсалаған қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереледі. Полицейлер жәбірленушілерден 2 млн 600 мың теңге алу үшін кездесу ұйымдастырған қылмыстық топтың 4 мүшесін ұстады. Деструктивті діни ағым өкілдерінен құралған топ наурыз айынан бері жәбірленушілерді бопсалап, әрқайсысынан 5 млн теңгеге жуық қаржы иемденбек болған", – делінген хабарламада.

Қазір күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу