Атырау мектептерінде орыстілді сыныптарға сұраныс артқан

775

Бұл түлектердің келешекте Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алуға ниет білдіруімен байланысты болып шықты. 

Атырау мектептерінде орыстілді сыныптарға сұраныс артқан

Қалалық білім басқармасында Атырау мектептерінде қандай ұстаздардың жетіспейтінін айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Соңғы жылдары Атырау мектептерінде орыстілді сыныптарға сұраныс артты. Қоғамдық пікір сауалнамалары көрсеткендей, бұл түлектердің келешекте Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алуға ниет білдірулерімен байланысты болып шықты. Біздің мамандар ата-аналарды қазақ сыныптарын таңдап, құжаттарды қазақ мектептеріне тапсыруға көндіруге тырысады. Дегенмен орыстілді мектептерге сұраныс артуда. Салдарынан орыстілді сыныптарда ұстаздар жетіспей жатыр", - дейді қалалық білім басқармасының жалпы білім секторының меңгерушісі Аманбек Хұсынов.

Аманбек Хұсыновтың айтуынша, бүгінде Атырау мектептерінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ жүргізетін 79 мұғалім, 6 психолог, 16 технология ұстазы, 90 бастауыш мектеп мұғалімі, физика пәнінен 11 мұғалім, математикадан - 29, тарихтан - 9 мұғалім қажет. Сондай-ақ, қазақ және орыс сыныптарында дене тәрбиесінен сабақ беретін 19 ұстаз, бастапқы әскери дайындықтан 3 маман, 6 химик және 4 биолог, қазақ мектептерінде математиканы оқытатын 33 мұғалім жетіспейтін болып шықты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу