Атырау облысында күкірт тиелген жүк вагондары рельстен шығып кетті

235

Жеті вагон рельстен шығып кеткен.   

Атырау облысында күкірт тиелген жүк вагондары рельстен шығып кетті Фото: freepik

Атырау облысында күкірт тиелген вагондар рельстен шығып кетті, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты облыстың Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 14 ақпан күні сағат 03:25-те Құлсары стансасында "Теңізшевройл" ЖШС-не тиесілі тепловоздың жеті вагоны рельстен шығып кеткен. Тепловоздағы вагондардың жалпы саны – 62.

"Вагондарға күкірт тиелгені хабарланды. Төгілмеген, ешқандай зияны жоқ. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ қалпына келтіру пойызы Мақат ауылына жол тартты", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу