Атырау облысындағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды

390

Атырау облысынлағы Қызылқоға ауданының орталығы – Миялы ауылына Ойыл өзенінен тасқын су кіру қаупі туындады, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Атырау облысындағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды Фото: Қызылқоға аудандық әкімдігі

Қызылқоға ауданы әкімдігінің мәліметінше, тұрғындарды қабылдау үшін Миялы ауылындағы Ы.Шөреков атындағы орта мектеп-гимназия, Х.Досмұхамедов атындағы орта мектеп пен "Нұр-Шуақ" балабақшасы дайын тұр.

"Тұрғындардан аудан әкімдігі, "Арман" мәдениет үйі мен "Жаңа арна" мекемесінің ғимаратына жиналу сұралады. Бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас адамдар, I, II, III- топтағы мүгедектер көшіріледі", - деп хабарлады аудандық әкімдіктен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының қанша елді мекеніне тасқын су қаупі төнетінін хабарлаған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу