Атырауда асыға күткен скейт-саябақ сапасыз болып тұр

687

Оның нақты иесі де болмай шықты.  

Атырауда асыға күткен скейт-саябақ сапасыз болып тұр

Атырауда былтыр күзде қалаға 379 жыл толу құрметіне ашылған скейт-саябақтың сапасы сын көтермейді. Ашылғанына көп болмаса да бетоны шұрқ тесіліп, тұрғындардың жүріп-тұруына, балалардың сырғанауына кедергі келтірген экстремальды демалыс алаңы жақында қайта жөндеуден өткізілген болатын. Алайда, оның қазіргі түріне де ешкімнің көңілі толар емес. 

Бұрын нысанды қала күніне орай тапсыру керек болғандықтан асығыс-үсігіс жасалғаны көзге түсіп-ақ тұратын. Белгілі болғандай, скейт-саябақ бар-жоғы 25 күнде салынып, тапсырылған.

Бұл жолы мердігер мекеме оның сапасына тікелей жауапты еместігін алға тартып отыр.

-Бұл жер ешкімдікі де емес, бір жылдан асты, қолымызда әлі мемлекеттік акт жоқ. Нысанды белгісіз біреулер пайдаланады, сондықтан, біз мұнымен айналысқымыз келмейді", - дейді мердігер мекеме директорының орынбасары Абай Хамидулла.

Көлемі 1600 шаршы метр болатын скейт-саябақ демеушінің қаражатына салынған қайырымдылық жоба ретінде саналады. Сол себепті, оның сапасына шағымдануды орынсыз санайтындар бар. Алайда, сырғанаған сайын тәуекелге бас тігетін жасөспірімдер мен олардың жағдайына алаңдаған ата-аналар алаңның барынша қауіпсіз болғанын қалайды.

Құралай Қуатова,

Атырау облысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу