Атырауда балалар үйінің түлегі суға секіру бойынша ел чемпионатында күмістен алқа тақты

1021

Атырауда балалар үйінің түлегі суға секіру бойынша ел чемпионатында күмістен алқа тақты

С. Қозыбаев атындағы балалар үйінің түлегі Артем Карепанов ҚР чемпионатында күміс медаль ұтып, суға секіруден спорт шебері атанды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Атырау жұртшылығы үшін тұғырдан, мұнарадан суға секіру – спорттың жаңа түрі. Сондықтан Артем Карепановтың күміс медалі біз үшін сенсация, өйткені ол мықты спортшылармен бақ сынасты. Артем Роман Розыбакиевпен жұптық бағдарламада да  "күміс" иеленді. Алдағы уақытта бағдарламаның синхронды түрінде Артемді Атырауға қоныс аударған украиндық спортшы Алесей Пригоровпен біріктіру жоспарлануда.Біздің басты мақсатымыз – 2018 жылғы Азия ойындары және Олимпиада ойындарында жеңіске жету", – деді Артемнің бапкері Владимир Молчанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу