Ауғанстандағы ұшақ апатынан төрт адам аман қалды

259

 Тағы екеуіне қатысты ақпарат нақтыланып жатыр.

Ауғанстандағы ұшақ апатынан төрт адам аман қалды Фото: РЕН ТВ

Алдын ала мәлімет бойынша, Ауғанстанда радардан жоғалып кеткен Falcon 10 ұшағының бортында болған төрт адам тірі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Ресейдің Ауғанстандағы елшілігінің ақпаратына сәйкес жергілікті жердегі іздестіру-құтқару қызметі Falcon 10 ұшағын тапты. Ұшақ бортындағы алты адамның төртеуі тірі (олардың әртүрлі жарақаты бар), екі адамның тағдыры нақтыланып жатыр", — деп хабарлады ведомстводан.

"Талибан" қозғалысы құрған үкімет жанындағы Көлік және авиация министрлігі бұл ақпаратты растады.

"Іздестіру-құтқару тобы кеше 20 қаңтарда радардан жоғалған ұшақты тапты, оның ішінде ұшқышты қосқанда төрт адам тірі", — делінген хабарламада.

Министрліктің нақтылауынша, тірі қалғандарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу