Балқаш әскери әуе айлағы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды

1080

Мұнда енді кез келген жойғыш және бомбалаушы ұшақ қиындықсыз ұшып-қона алады.

Балқаш әскери әуе айлағы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды

Балқаш әскери әуе айлағы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды. Қолданысқа берілген су жолаққа алғашқы болып Қорғаныс министрі мінген ұшақ қонды, деп хабарлайды Atameken Business.

Мұнда енді кез келген жойғыш және бомбалаушы ұшақ қиындықсыз қонып, ұша алады.

Айта кету керек, әуе айлағы ашылғалы 52 жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп отыр. Мұндағы қону жолағы тіпті Боинг немесе Эйрбас сынды үлкен жолаушылар ұшағының да қонуына мүмкіндік береді.

Бүгіннің өзінде айлаққа 5 әуе компаниясы қызығушылық танытып отырған көрінеді. Бастысы ұшқыштар айлақтың жаңартылғанына қуанышты. Сөздерінше мұнда әскерилердің қауіпсіз ұшып-қонуы үшін барлық заманауи жабдықтар қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу