Банк картасын тұтынушылардың қатары 10 миллионға артты

741

2019 жылы 31,2 млн төлем карточкасы айналымда болды.

Банк картасын тұтынушылардың қатары 10 миллионға артты

Елдегі банк картасы иелерінің саны рекордтық 55%-ға артып, 27,8 миллионға жетті. Бұл туралы ranking.kz басылымы хабарлады.

Орташа есеппен әр тұрғында шамамен 1,7 төлем картасы бар, осыдан бес жыл бұрын бір тұрғынға кемінде 1 карта тиесілі болған еді. Айта кететін жайт, өткен жылы банк картасын қолданатындардың саны 18 миллионды құраған. 

Төлем қызметтерін дамыту мемлекеттің қаржы жүйесіне тиімді қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және экономиканың нақты секторын дамытуда маңызды рөл атқарады. Соңғы жылдары сектор белсенді түрде өзгеріп, цифрландыру және инновацияларды енгізу бағытында дамып жатыр.

2019 жылдың қазан айында Қазақстан аумағында 31,2 млн төлем карточкасы айналымда болды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 42,9%-ға көп. Соңғы үш жылда айналымтағы төлем карточкаларының саны жылына орташа есеппен 26,8% - ға өсуде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу