Банктің мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушымен өзара іс-қимылы: жаңа ережелер

388

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктік қызметтерді көрсету қағидаларына өзгерістер мен түзетулер әзірледі.

Банктің мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушымен өзара іс-қимылы: жаңа ережелер Фото: inbusiness.kz

Агенттік банк қызметкерлерінің негізсіз қоңырауларына байланысты бірқатар шектеуді банктерге тарату қажет деп санайтынын жеткізді, деп жазады inbusiness.kz 

Агенттік қарыздарды жарнамалау кезінде сыйақының шекті мөлшерлемелерінің ауқымын көрсетуді, сондай-ақ борышкерлердің қарыз бойынша міндеттемелерін орындамаған кездегі жауапкершілігі туралы хабарлауды ұсынып отыр.

Ақпаратқа сәйкес, бұл банктер ұсынатын қызметтердің ашықтығына және клиенттердің қызметтің толық құны туралы ақпаратты дұрыс қабылдауына ықпал етпек. Сондай-ақ, мөлшерлемелер диапазоны банктік қарыздың немесе салымның әрбір түрі бойынша көрсетіледі. Бұл жарнамада ең төменнен ең жоғары көрсеткішке дейінгі сыйақы мөлшерлемесін көрсету мүмкіндігін болдырмайды (мысалы, 1%-дан 56%-ға дейін).

Құжатта заңнамада кредит бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу кезінде банк қызметкерлерінің қарыз алушымен өзара іс-қимыл жасау тәртібіне қойылатын талаптар көзделмегендігі айтылған. Банктер құрылымында проблемалы қарыз алушылармен жұмыс жөніндегі бөлімшелер бар, олар қарыз алушылармен не үшінші тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. 

 

Агенттік банк қызметкерлерінің негізсіз қоңырауларына байланысты қаржылық қызметтерді тұтынушылар тарапынан наразылық тәуекелдерін болдырмау мақсатында бірқатар шектеуді банктерге тарату қажет деп санайтынын жеткізді.

Банктің мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушымен, оның өкілімен және банктік қарыз шарты шеңберінде кредитормен міндеттемелерге байланысты үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жүзеге асырылады:

1) қарыз алушының тұрғылықты не орналасқан жері немесе қарыз алушының тіркелген жері бойынша жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейінгі кезеңде; 

2) банктің бастамасы бойынша тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бойынша немесе қарыз алушының орналасқан жері бойынша банктің үй-жайында жеке байланыс кезінде жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейінгі кезеңде аптасына үш реттен артық емес және бір реттен артық емес; 

3) банктің бастамасы бойынша телефон арқылы сөйлесу арқылы жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейінгі кезеңде үш реттен артық емес;

 

4) аудиожазбасы бар аудио- немесе бейнетехника құралдарының көмегімен өзара әрекеттесу процесін жазу арқылы. 

Құжатқа қоса берілген салыстырмалы кестеде көрсетілгендей, банк аудио - және бейнежазба материалдарын қарыз алушымен өзара іс-қимыл жасалған күннен бастап 6 ай бойы сақтайтын болады.

Бұдан бөлек оңалту рәсімін өткізу мерзімін 2 жылға дейін (осыған дейін 5 жылға дейін) қысқарту ұсынылып отыр. Агенттік бұл түзету банк алдындағы проблемалық берешекті реттеуге ықпал етеді деп отыр.

Құжатты жария талқылау 11 қазанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу