Мәселен, байқаушыларға орын бермей, 100-ге жуығы сайлауды тұрып бақылауға мәжбүр болды.
Ұйым атынан 3800-ден астам тәуелсіз байқаушы 25 қалада бақылау жүргізіпті. Бұл қозғалыс былтыр Президент сайлауы қарсаңында қоғамдық бастама негізінде құрылған. Ол ел-ішілік тұрақтылық пен сайлау процедураларының қатаң сақталуын қамтамасыз етуді мақсат етеді. Мәжіліс пен маслихаттар сайлауы қарсаңында ұйым байқаушылары арнайы курстардан өткен екен. Олар елдегі барлық сайлау учаскесінің 30 пайызын қамти алды.
"Сайлау күні 300-ден астам заң бұзушылық тіркелді. Таңғы 06:00-ден басталған сайлау процесі бақылаушыларға орын бермеу, дауыс беру кабинкаларына екі-үш адамнан кіру, дауыс санау барысына қатыстырмау және хаттама бермеуге тырысу сияқты заңсыздықтар болатын.. Заң бұзу фактілері жайлы ақпараттар әлі де жинақталуда. Бір мандатты жүйемен түскендерге қатысты ақпараттар келуде. Елдегі ақпараттық дүмпу жағынан ең тартысты өткен, ал дауыс берушілер жағынан антирекордтың бірі орнаған сайлауда тәуелсіз бақылаушылар өз міндеттерін тиісті дәрежеде атқарды", дейді Саясаттанушы Асхат Қасенғали.