Барахолкадағы жолға "Сергек" бейнебақылау камералары орнатылады

511

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында осындай тапсырма берді.  

Барахолкадағы жолға "Сергек" бейнебақылау камералары орнатылады Фото: gov.kz

Тұрғындар Солтүстік айналма жолын ретке келтіруді және ретсіз көлік тұрағына тыйым салуды сұрады. Қала тұрғындарының айтуынша, бұл аумақтағы жол қозғалысы ережесін такси жүргізушілері елемейді.

"Биыл Алатау ауданында барлығы 37 "Сергек" камерасын орнату жоспарланған. Соның бірін наурыз айының соңына дейін Солтүстік айналма жолына орнатуды тапсырамын", - деді Ерболат Досаев.

2024 жылы Алматыда барлығы 10 мыңға жуық бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу