"Басынан кірпішпен ұрған": Полиция қызға шабуылдаған адамды іздеуде

458

Павлодар полициясы қызға шабуылдаған адамды іздеуде, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

"Басынан кірпішпен ұрған": Полиция қызға шабуылдаған адамды іздеуде

23 тамызда Павлодар қаласының Орталық полиция бөліміне 20 жастағы павлодарлық хабарласып, белгісіз ер адамға қатысты шара қолдануды сұрады.

21 тамызда Павлодар қаласының тұрғыны танысына қонаққа таксимен келгені анықталды. Подъезге келе жатып, қыз оған белгісіз ер адамның артынан жүгіргенін байқады. Есікті ашқан кезде ер адам басына кірпішпен бірнеше соққы жасады.

Зардап шеккен адам ауруханаға 21 тамыз күні түстен кейін келіп, “бас миының шайқалуы” диагнозы қойылды. Жәбірленуші ауруханаға жатқызудан бас тартты. Алайда қыз полицияға 23 тамызда ғана жүгінді.

– Аталған фактіге сәйкес, бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған адамның жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу