Батыс Қазақстанға Маңғыстау мен Алматыдан құтқарушылар көмекке жіберілді

441

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Батыс Қазақстанға Маңғыстау мен Алматыдан құтқарушылар көмекке жіберілді Фото: БҚО ТЖД

Батыс Қазақстан облысына Маңғыстау мен Алматыдан құтқарушылар көмекке аттанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР ТЖ министрлігінен мәлім еткеніндей, көктемгі су тасқынына байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесу үшін Батыс Қазақстанға Маңғыстау облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.

Министрліктің Telegram каналындағы парақшасында жарияланған бейнежазбада маңғыстаулықтарға қызметтерін абыроймен атқарып, елге аман-сау оралу туралы тілек айтылған. Осылайша, аймақтың жедел құтқару тобы Батыс Қазақстан облысына кетті. 

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің әскери-көліктік авиациясы Алматыдан ҚР ТЖМ 28237-әскери бөлімінің қызметшілерін тасымалдады. Қосымша күштер Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынының салдарын жоюға бағытталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу