Беларусь Қорғаныс министрлігі әскерге 10 мың адам жібереді

391

Оларды мерзімді әскери қызметке жіберу 26 сәуірде басталады. 

Беларусь Қорғаныс министрлігі әскерге 10 мың адам жібереді Фото: img8.eadaily.com

Беларусь Қорғаныс министрлігі сәуір-мамыр айларында елдің Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жасақтауға 10 мыңға жуық әскерге шақырылушыны жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Беларусь Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

"Бірінші күні әскерге 1 мыңға жуық болашақ сарбаздар жіберіледі, олар арнайы операциялар күштерінің, прапорщиктер мен кіші мамандарды даярлаудың 72-бірлескен оқу орталығының және Минск әскери комендатурасының қатарын толықтырады", - деп нақтылады ведомствода.

Онда шақыру бойынша іс-шаралар қандай да бір ерекше өзгеріссіз заңнамаға сәйкес ұйымдастырылатынына және өткізілетініне назар аударылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу