Беларусь Украина шекарасына жақын аудандарға кіріп-шығуды шектеді

447

Беларусь билігі Украина аумағына жақын орналасқан үш аудандағы шекара белдеуіне кіруді, шығуды немесе уақытша қоныстануды  шектеді.  

Беларусь Украина шекарасына жақын аудандарға кіріп-шығуды шектеді Фото: pervoe.online

Министрлер Кеңесінің тиісті қаулысы ұлттық құқықтық интернет-порталда жарияланды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Құжатта "Гомель облысының Лоевский, Брагинский мен Хойникский аудандарының шекарасындағы шекара белдеуіне кіру, онда уақытша орналасу немесе қозғалу" шектелетіні көрсетілген. Бұл ретте шектеулер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау үшін шекаралық белдеуге, тұрғылықты жеріне және кері, жақын туыстарының тұрғылықты жеріне және кері қайтатын жеке тұлғаларға қатысты болмайды.

Алайда рұқсатты тек Мемлекеттік шекара комитетінің төрағасы немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам бере алады. Қаулы ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.

Құжаттың қай уақытқа дейін жарамды екені көрсетілмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу