Беларусьтің алтын-валюта резервтері өсті

391

Өткен айда Беларусьтің халықаралық резервтік активтері жаһандық нарықтағы алтын бағасының төмендеуіне қарамастан өсті.  

Беларусьтің алтын-валюта резервтері өсті Фото: amp.my.ua

Бұл туралы Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) кезекті шолуында хабарланды, деп жазады Inbusiness.kz.

Республиканың алтын-валюта резервтеріндегі (АВР) монетарлық алтын қорлары тамыз айында 50,6 млн долларға азайды. ЕАДБ деректері бойынша оған басты себеп — бір айдағы алтынның әлемдік бағасының 1,4%-ға төмендеуі. Сонымен бірге, жалпы Беларусь алтын-валюта резервтері шетел валютасының қорларын 100,7 миллион долларға ұлғайту есебінен өсті.

Тамыз айының қорытындысы бойынша Беларусь АВР-ы 0,2%-ға өсіп, $7 991,2 млн-ға жетті. 2023 жылдың алдыңғы айларында резервтер көлемі шамамен $7,8 млрд пен $8 млрд аралығында ауытқыды, ал ең жоғарғы көрсеткіш қаңтар айында тіркелді — шамамен $8,1 млрд, кейін құлдырау болып, шілдеден бастап қайта өсім басталды. Шілде айының соңында Басқарма мүшесі, Беларусь Ұлттық Банкінің монетарлық саясат және экономикалық талдау бас басқармасының бастығы Дмитрий Мурин АВР-ды қолдау үшін валюта сатып алынғанын мәлімдеді. Жалпы, Минскіде осы жылдың қорытындысы бойынша долларлық баламадағы АВР-ның жалпы сомасы кемінде $6 млрд болады деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу