Бишімбаев соты: судья БАҚ өкілдеріне ескерту жасады

1891

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер соты басталды. Сот отырысына бүгін таңдалған 12 алқаби (7 әйел, 5 ер адам) қатысып жатыр. 

Бишімбаев соты: судья БАҚ өкілдеріне ескерту жасады Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Судья Айжан Құлбаева бас сот талқылауына қатысушыларға, оның ішінде журналистерге жеке құқықтарын түсіндіріп, алқабилерді фото-видеоға түсіруге тыйым салды, деп жазады inbusiness.kz cайты.

"Мәселен, БАҚ-тың іс-әрекеті сот талқылауының қалыпты барысына кедергі келтірмеуі тиіс. Осы себепті бұқаралық ақпарат құралдарына түсіндіргім келеді, егер сіздің сот залында болуыңыз соттың қалыпты жұмысына кедергі келтірсе, онда сот сізді сот залынан шығаруға мәжбүр болады. Сондай-ақ, сіз заңнаманың талаптарына сәйкес төрағалық етушінің талаптарына бағынуыңыз керек екенін ескертемін. Бұдан басқа, алқабилермен процестік емес байланыстарды болдырмау мақсатында, сондай-ақ іс бойынша үлкен қоғамдық резонансты және әлеуметтік желілерде трансляцияны ескере отырып, ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдарының сот төрелігі мүддесінде алқабилерді суретке не видеоға түсіруге тыйым салынатынын назарларыңызға жеткізгім келеді", - деп атап өтті Айжан Құлбаева. 

Ол бұл талаптар сақталмаған жағдайда және әлеуметтік желілерде фотосурет немесе қандай да бір түсірілім және алқабилер түсіп қалған сот отырысы видеосы анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатынын ескертті.

Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, 9 қараша күні ұсталғанын еске саламыз. Қайғылы оқиға Bau мейрамханасында болды. 8 қаңтар күні Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталғаны хабарланды. 11 қаңтарда елордалық сотта оның қамауға алынуы 9 наурызға дейін ұзартылғаны туралы хабарланды. 11 наурыз күні Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды, онда ол кінәсін мойындамайтынын хабарлады. Қорғаушылар істі прокуратураға қайта жіберуді сұрады және айыптау мәнін өзгертуді өтінді, бірақ судья Бишімбаев қорғаушыларының өтініштерінің көбісін қабылдамай, тек сот отырысын алқабилердің қатысуымен өткізу туралы шешім қабылданды.

Бүгін Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өткізіліп, алқабилер алқасына 12 адам: 10 – негізгі, 2 – қосалқы құрам таңдалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу