Бишімбаевтың қорғаушылары марқұм Салтанат Нүкенованың телефонын тексермек

8171

Бүгін Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев ісі бойынша алдын ала сот отырысы жалғасын тапты. 

Бишімбаевтың қорғаушылары марқұм Салтанат Нүкенованың телефонын тексермек Фото: Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Қуандық Бишімбаев қорғаушысы тағы бір өтінішпен сотқа жүгініп, Салтанат Нүкенованың телефон тексеруді өтінді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Нүкенова мен Бишімбаевтың қарым-қатынасын әділ қарау үшін біз осы өтінішпен бірге жүретін қосымшаларды жария етіп, С.Нүкенованың компьютер құралдары мен ұялы телфондарына (IPhone Pro Max 13 пен IPhone Pro Max 15) криминалистік зерттеу жүргізуді бастауды сұраймыз. Зерттеуді жүргізуді 12-ші департаменттің маманына тапсырып, жойылған жағдайда барлық жазбалар мен басқа да ақпараттарды қалпына келтіруді сұраймыз. Қылмыстық істегі 5-том, 46-47 екі беттегі екі фотосуреттің дәлел ретінде күшін жоюды сұраймыз, себебі фотоның қалай, қашан, кіммен жасалғаны белгісіз", — деді қорғаушы. 

Экс-министрдің ісі бойынша тыңдауды судья Айжан Құлбаева жүргізеді. Бүгін отырыстың екінші күні. Қорғаушылар өтініші тыңдалып жатыр, Бишімбаев отырыс залына басқа есіктен әкелінді. Бүгін де журналистер отырыс залына кіргізілмеді. Қуандық Бишімбаев анасы мен қорғаушылары пікір білдіруден бас тартты.

Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, 9 қараша күні ұсталғанын еске саламыз. Қайғылы оқиға Bau мейрамханасында болды. 8 қаңтар күні Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталғаны хабарланды. 11 қаңтарда елордалық сотта оның қамауға алынуы 9 наурызға дейін ұзартылғаны туралы хабарланды. Кеше Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды, онда ол кінәсін мойындамайтынын айтты. Кеше қорғаушылар істі прокуратураға қайта жіберуді сұрады және айыптау мәнін өзгертуді өтінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу