Бішкекте экс-президент Құрманбек Бакиевтің елге келуіне қарсы митинг өтуде

323

Наразы топ бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің өзін ақтап, Қырғызстанға оралу үшін қолдан келгенді жасап жатқанын айтуда.  

Бішкекте экс-президент Құрманбек Бакиевтің елге келуіне қарсы митинг өтуде Фото: видеодан алынған кадр

 

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Максим Горький атындағы саябақта 2010 жылғы сәуір төңкерісінен кейін құрылған қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің митингі өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Жиналғандар бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің өзін ақтап, Қырғызстанға оралу үшін қолдан келгенді жасап жатқанын айтуда. Олардың сөзінше, бұған дейін қазіргі президент Садыр Жапаровтың атына " Айкол таза коом" басшысы Усупбий Шерімбаевтың атынан өтініш түскен. Хатта ол сәуір оқиғалары кезінде зардап шеккендердің, жесірлердің, жетімдердің атынан Құрманбек Бакиевтен өтемақы сұрап жазған көрінеді.

"Усупбий Шерімбаевтың қандай құқығы бар? Ол емес, тіпті қиын жағдайға тап болғандар, яғни жесірлер, жетімдер, жалғыз ұлдарынан айырылған аналардың өзі өтемақы сұрамады. Бакиев халықтың қанын төгіп, мемлекетті тонады, елде қымбатшылық болса да, біз оның лас ақшасын алмаймыз", – деді митингке қатысушылардың бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу