Биыл елде 143,5 мың тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр

399

Өткен жылы 130 мыңнан астам тұрғын үй салынды. 

Биыл елде 143,5 мың тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр Фото: el.kz

Биыл республикада 143,5 мың тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство басшысының сөзінше, былтыр елімізде 130 мыңнан астам тұрғын үй салынған.

"Тұрғын үй құрылысына инвестициялар өткен жылмен салыстырғанда 16,8 %-ға өсіп, 2 трлн 900 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік инвестициялар есебінен 17 мың 300 пәтер салынып, 10 мың 500 жеңілдетілген несие берілді.

Тұрғын үйді іске қосудың жалпы республикалық жоспарлы көрсеткіші 101,8 %-ға орындалды. Астана (+18,5 %) және Алматы (+14,7 %) қалаларының әкімдіктері жоспарлы көрсеткішті асыра орындады", - деді ол Үкімет отырысында.

Марат Қарабаев 8 өңір тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарын орындамағанын атап өтті. Оның ішінде Ұлытау (52,8%), Солтүстік Қазақстан (74,8%) және Атырау (86,8 %) облыстарының көрсеткіштері ең төмен.

"Биыл 15 млн 300 мың шаршы метр тұрғын үйді (143,5 мың тұрғын үй) пайдалануға беру жоспарланған. Жоспарлы көрсеткіштер өңірлерге жеткізілді", - деп қорытындылады министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу