Биыл қазақстандық өнімдердің Мажарстанға экспорты 7,9 млн долларды құрады

497

Соңғы16 жылда Қазақстан экономикасына құйылған мажарлық тікелей инвестициялардың көлемі 270 млн доллар. 

Биыл қазақстандық өнімдердің Мажарстанға экспорты 7,9 млн долларды құрады

Бұл туралы Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Жәнібек Әбдрашов жаңадан тағайындалған Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Адам Штифтермен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Мажарстан қарым-қатынастарының жағдайы мен болашағын, биылғы жылы жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар жоспарларын, шарт-құқықтық базасын кеңейту мүмкіндіктерін, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

"Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 64,6 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстандық өнімдердің Мажарстанға экспорты 7,9 млн АҚШ долларға, ал Мажарстанның Қазақстанға импорты 54,7 млн АҚШ долларға жетті. Соңғы 16 жылда Қазақстан экономикасына мажарлық тікелей инвестициялардың көлемі 270 млн АҚШ доллар құрады", – деп жазылған ҚР Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада. 

Келіссөздер қорытындысы бойынша дипломаттар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту бағытына бейілді екендігін растады, сондай-ақ Қазақстан-Мажарстан қарым-қатынастарының барлық ауқымда одан әрі дамитынына сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу