"Біз өсекпен өмір сүріп жатырмыз": Ринат Зайытов Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді

431

Депутат атышулы сот отырысын неліктен көрмейтінін айтты. 

"Біз өсекпен өмір сүріп жатырмыз": Ринат Зайытов Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді Фото: видео скриншот

Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысына өз пікірін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы депутат "Білген дұрыс" бағдарламасында айтты.

"Бишімбаев – таза кісі өлтірген адам. Бұның маған оқиғасы да, басқасы да қызық емес. Неге оны жаппай көрсете береді? Себебі сұраныс бар. Біреудің төсегіне қатысты ақпаратқа сұраныс бар. Атам қазақ "Итке төсек не керек, естіге өсек не керек?" деп айтқан. Біз қазір өсекпен өмір сүріп жатырмыз. Бізге Қазақстанның келесі жылға қуаңшылыққа дайындығы қалай екені қызық емес, Ерке мен Раимның жағдайы қалай болып жатқаны бүкіл Қазақстанға қызық", - деді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу