БҚО-да инвестордың несие алуына негізсіз кедергі келтірілген

364

Мемлекеттік комиссия қаржыландыру ісінен бас тартқан.  

БҚО-да инвестордың несие алуына негізсіз кедергі келтірілген Фото: gov.kz

БҚО-да инвестордың несие алуына негізсіз кедергі келтірілген, деп жазады inbusiness.kz.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы сүт-тауар фермасын кеңейту жобасын іске асырып жатқан "Ringo-Milk" ЖШС-ға көмектескен. Инвестор жобаға 5,9 млрд теңге инвестиция салып отыр.

Өндірісті кеңейту үшін инвесторға мемлекеттік несие қажет болған. Алайда мемлекеттік комиссия инвестордың бұрын алған несиесі бойынша қарыз болуына байланысты қаржылдандырудан бас тартқан. Облыс прокуратурасының фронт-офис алаңында ЖШС-ның берешегі жоқ, ал өтеу үшін қаражаты бар екендігі анықталды.

"Прокуратура араласқаннан кейін шоттағы бұғат алынып, инвесторға асыл тұқымды аналық ірі қара малдың қосымша 400 басын, сауын жабдықтарын, жем-шөп базасына суару жүйесін сатып алу және ауыл шаруашылығы жануарларына арналған қосымша үй-жайлар салуға мемлекеттік несие беру туралы шешім қабылданды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу