Бүгін Алматы маңында үш рет жер сілкінді

647

Дүмпудің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 261 км қашықтықта Қытай аумағында жатыр.

Бүгін Алматы маңында үш рет жер сілкінді Фото: google.com

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Алматы маңында болған тағы екі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Зілзаланың энергетикалық класы 10.9. Магнитудасы 4.9 MPV. Бағыты 41,33° с. е. 78,81° ш. б. Тереңдігі 15 км. Қазақстан аумағында сезілмеген.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісінің мәліметтері бойынша, тағы бір жер сілкінісі сағат 01:33-те тіркелді. Ошағы Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 262 км қашықтақта Қытай аумағында жатыр.

"Энергетикалық класы 104. Магнитудасы 4.6. MPV. Ошағы 41,19° с. е. 78,54° ш. б. Тереңдігі 5 км. Қазақстан аумағында сезілмеген", — деліген хабарламада.

Сағат 01:59-да үшінші мәрте зілзала тіркелді. Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 км қашықтықта Қытай территориясында жатыр.

Энергетикалық класы 10.4. Магнитудасы 4/9 MPV. Ошағы 41,09° с. е. 78,57° ш. б. Тереңдігі 5 км. Қазақстанда сезілмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу