Cоңғы сегіз жылда Алматыда алғаш рет пәтер жалдау құны арзандады

778

Пәтерді жалға алу 2,9 пайыз арзандады. 

Cоңғы сегіз жылда Алматыда алғаш рет пәтер жалдау құны арзандады Фото: almaty.etagi.com

Алматыда соңғы сегіз жылда алғаш рет пәтер жалдау бағасы арзандады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты DataHub сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Құрлыс компанияларына пәтерлер сатып алу құны 1,4 пайызға, екінші қолданыстағы пәтерлерді сатып алу екі ай қатарынан 0,4 пайызға арзандаған.

Жалпы Қазақстан бойынша жаңа тұрғын үй бағасы 0,4% өскен. Пәтер бағасы Қарағандыда 0,3 пайыз арзандаса, Павлодарда бағаның 0,1 пайыз төмендегені байқалды.

Ел бойынша пәтерлерді қайта сату 1,7 пайыз өсті, әсіресе Астанада қайта сату бағасы 5,3 пайыз қымбаттаған.

Бүкіл ел бойынша жалдау ақысы 1,2 пайыз арзандаған. Жалдау құны арандаған аймақ – Семей. Бұл жерде баға 4,4 пайыз түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу