Дәріханалардағы жағдайды "ANTIKOR ORTALYǴY" мен "Nur Otan" бақылауға алды

1266

Бірнеше мониторингтік топ құрылды.

Дәріханалардағы жағдайды "ANTIKOR ORTALYǴY" мен "Nur Otan" бақылауға алды

"ANTIKOR ORTALYǴY" алаңында ANTIKOR.LIVE жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы "Nur Otan" партиясы филиалының бірінші орынбасары Ерлан Қаналимов және департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева еліміздің дәріханаларында дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтерілмеуін бақылау үшін мониторингтік топтар құрылғанын айтты.

"ANTIKOR ORTALYǴY" алаңында мониторингтік топ құрылып, топқа қоғамның белсенді өкілдері, жоба менеджерлері, департамент қызметкерлері кірді. Олар бүгін сағат 11:30-дан бастап барлық дәріханаға бақылау жүргізуге кірісіп кетті. Мониторингтік топтар республика бойынша дәріханаларда дәрі-дәрмектің болуын әрі бағаның қымбаттамауын бақылайды", – деп айтып өтті Жазира Жылқышиева.

Ерлан Қаналимов "Nur Otan" партиясының елордалық филиалы да дәрі-дәрмекті заңсыз қымбаттату мәселесін өз бақылауына алғанын мәлім етті.

"Бізде барлығы бес бақылау тобы құрылды. Партияның қалалық комиссиясының құрамында 15 қызметкер бар. Қалалық комиссия жеке топ ретінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының төрт ауданында жұмыс істейтін төрт комиссия тобы да іске кірісуде. Дәріханалардағы бағаларды бекітілген тізімі бойынша тексеріп, халыққа ашық есеп беріп отырамыз. Нәтижесі әлеуметтік желілерде жарияланады", – деді партия филиалының бірінші орынбасары.

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу