banner

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Әбішевтің үстінен арыз жазды

591

Бұл туралы елордада өткен апелляциялық сот барысында бұрынғы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олжас Әбішев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.  

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Әбішевтің үстінен арыз жазды Фото: gov.kz

"Ұлыммен жаттығу залында жүргенімде, кеше полициядан хабарласып, менің атыма қазіргі министр Ажар Ғинияттан арыз түскенін айтты. Бір нәрсе ғана белгілі, ол – осы сот процесінде айтылған ақпаратқа қатысты екендігі. Мен қатты таңқалдым. Себебі, сотта мәлім болған ақпараттың барлығы ашық дереккөздерден алынған, ешқандай инсайдерлік ақпарат жоқ. Неліктен менің үстімнен арыз жазылғанын түсіне алмадым. Адвокат Берсанова полицияға барып, арызбен танысуға сұрап еді, бермеді. Өз басым бұл әрекетті маған жасалған қысым деп түсінемін. Бұл сотта біз қазіргі Денсаулық сақтау министрлігі басшылығының барлық жағымсыз жағы мен жұмыстағы немқұрайлылығын көрсетіп жатырмыз. Ажар Ғиният ханымға осы ұнамай қалған болуы тиіс", - деп атап өтті Олжас Әбішев.

Айтуынша, шындықты білу үшін адвокатымен анық-қанығын анықтаймыз деп отыр.  

"Түстен кейін барып, материалмен танысып, арыздың мән-жайын білгелі отырмыз", - деді ведомствоның бұрынғы басшысының орынбасары.

Айта кетейік, 2022 жылы 28 қазанда бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевтің ісіне қатысты сот шешімі шыққан болатын. Сот Біртановты Қылмыстық кодекстің 3-тармақ 4-бөлім 3 61-бабында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып және 5 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны тағайындады.

Ал, Елжан Біртановтың орынбасары болған Олжас Әбішевке 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын белгілеу туралы шешім шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу