Депутаттар полицейлерге тұрғын үйді жалға алу үшін қаржы бөлуге қарсы

456

Шымкенттік мәслихат депутаттар полицейлердің пәтер жалдау ақысын бюджеттен өтеу туралы бастамаға қарсы шықты.

Депутаттар полицейлерге тұрғын үйді жалға алу үшін қаржы бөлуге қарсы Фото: inbusiness.kz

Аталған көмек тек бюджет қаржысын желге шашумен тең деп отыр. Өйткені, жыл сайын қаладағы мыңнан астам құқық қорғау органының қызметкерлерінің отбасындағы 4 мыңдай адамды қамтамасыз ету үшін бюджеттен 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді екен. Алайда онымен түпкілікті мәселе шешілмейтін көрінеді. Осыны алға тартқан депутаттар енді полицейлерге берілетін "пәтерді жалға алу қаржысына нақты үй алып беру, болмаса басқа жолын қарастырып көру керек", деп отыр.   

"Бұл жалпы проблеманы шешпейді. Себебі, бұл тек жалға алу.2 млрдтан астам қаражат тек жалға алуға бөлініп жатыр. Түпкілікті өзекті мәселе қалып отыр. Ол полиция қызметкерлері тұрғын үймен қамтылып жатқан жоқ. Сондықтан біздің ұсынысымыз осы үкіметтің қаулысына өзгеріс енгізу", - дейді Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Альбина Елшиева.

Мәслихат депутаттары өз ұсыныстарын Шымкент әкімдігі мен Сенатқа жолдаған. Себебі, мәселені шешу үшін Үкімет қаулысына өзгерістер енгізу қажет. Әзірге депутаттар полиция қызметкерлеріне жалдау ақысын бөлуде мұқият болуды талап етіп отыр. Себебі, қаржыны кейбір мұқтаж емес азаматтардың да алып жатқан болуы мүмкін. Өйткені, қазір ақша алу үшін  жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама ғана қажет екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу