banner

Disney 7 мың қызметкерді жұмыстан шығармақ

483

Компания өзін шығынға батырған стримингтік бизнесін құтқару үшін қызметкерлерін жаппай жұмыстан шығаруға шешім қабылдады. 

Disney 7 мың қызметкерді жұмыстан шығармақ Фото: newsroom.kz

Walt Disney Company жыл басында жариялаған 7 мың қызметкерді жұмыстан шығаруға кірісті, деп хабарлайды іnbusiness.kz Reuters сайтына сілтеме жасап. Жаппай қысқарту арқылы компания бизнесті оңтайландырып, шығындарды азайтпақ.

Уолт Дисней компаниясының бас директоры Роберт Айгер алдағы төрт күн ішінде қысқартуға ұшыраған қызметкерлердің бірінші тобына жұмыстан босату туралы хабарламалар жібермек. Жұмыстан шығарудың екінші толқыны сәуір айында өтіп, бірнеше мың адамның өміріне өзгіріс енгізері сөзсіз, ал үшінші кезең жазға жоспарланған. Нәтижесінде Disney 5,5 миллиард доллар үнемдеуді жоспарлап отыр. 

Ең алдымен телебағдарламаларды шығаруға жауапты компания бөлімшесі мен сатып алу бөлімі қызметкерлері қысқартуға ұшырайды, бірақ "Диснейлендтердің" жұмыс істеуіне негізі - тақырыптық саябақтар мен фирмалық дүкендердің қызметкерлері жұмыстан шығарылмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу