banner

Дизель отыны биржа арқылы қашан сатылады?

559

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаны тұрақтандыру үшін тамызда биржада дизель отынының сауда-саттығын тоқтатқан еді.

Дизель отыны биржа арқылы қашан сатылады?

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров дизель отынын биржада сату мәселесі талқыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Дизель отын саудасын тоқтату туралы шешімді Биржа комитеті тамыз айында қабылдаған еді. Дизель отынының нарығындағы жағдай тұрақталып, орақ науқаны аяқталып келеді. Алдағы уақытта Энергетика министрлігінен тиісті ақпаратты алатын боламыз. Одан кейін биржа комитетінде қарайтын боламыз. Егер жағдай жақсарып, оң динамика байқалса, біз жұмысты қайта бастау туралы шешім қабылдаймыз. Нәтижесі шамамен қараша мен желтоқсан айының басында жарияланады деп ойлаймыз", - деді Марат Омаров VIII Еуразиялық монополияға қарсы форум барысында.

 

Ведомство жанар-жағар май станцияларындағы дизель отынының бағасына тұрақты негізде үнемі мониторинг жүргізіп отыратынын атап өткен жөн. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу