Дональд Трамп "жыл адамы" атанды

763

Дональд Трамп "жыл адамы" атанды

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Financial Times газетінің нұсқасы бойынша "жыл адамы" атанды. Бұған дейін Трампты "жыл адамы" ретінде Time журналы атаған болатын, деп жазады "ҚазАқпарат" ХАА.

"Ол америкалық саясаттың ережелерін қайта жазып шықты. Енді президент-келісімшарттардың ұйымдастырушысы уәде еткен сөздері бағаның алғашқы ұсыныстары ғана болмағанын іс жүзінде көрсететін болады", – деп жазады Financial Times Трампқа арналған мақаласында. Басылымның жазуынша, сайлауға дейін Американың көптеген тұрғыны Дональд Трамп жеңіске жетпейді деп ойлады. "Италия Сильвио Берлусконидің құрығына іліге жаздады. Ұлыбритания Brexit-ті таңдауы мүмкін еді. Бірақ Трамп мырзаны... америкалық халық ешқашан таңдамас еді. Кейін Трамп жеңіске жеткен түн болды. Барлығы дерлік шатасқан болып шықты", – делінген мақалада.

Financial Times жазып өткендей, "Трамп 8 қараша күні америкалық демократияны өзгерткен жоқ, ол көптеген жылдар бойы нашар жұмыс істеп келген еді".   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу