Досаев Алматыдағы ауруханада науқастардан АИТВ анықталуына қатысты пікір білдірді

314

"Біз бәрін бақылауда ұстаймыз", деді әкім.

Досаев Алматыдағы ауруханада науқастардан АИТВ анықталуына қатысты пікір білдірді Фото: TopDoc.me

Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде шаһар әкімінен Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында науқастарың АИТВ жұқтыруына қатысты жағдай сұралды. Ерболат Досаев аталған факт бойынша тексеру жалғасып жатқанын айтты.

"Денсаулық сақтау министрінің тиісті бұйрығы аясында реанимациядан соң 30 күннен кейін пациенттер тестілерді қайта тапсыруға міндетті. 2 жағдай анықталды ( кейін тағы 1 жағдай анықталды, жалпы саны - 3). Бекітілген регламентке сәйкес қалалық ЖИТС орталығымен бірлесіп жұмыс жүргізілді: барлық реципиенттер, медициналық персонал, реанимацияда болған басқа да пациенттер толық тексерілді", деді әкім.

Осыдан кейін регламентке сәйкес 13 маусымда барлық деректер санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментіне (ССЭК) берілді. 14 маусымда ССЭК қажетті кезектен тыс тексерулерді тағайындады, олар бойынша бүгінде жұмыс жалғасып жатыр.

"Кеше Денсаулық сақтау министрлігі аралық нәтижелерді жариялады. Біреуді қызметінен босату үшін алдымен бәрі қайдан шыққанын түсіну керек (инфекция көзі қайда болды). Комиссия жұмысын аяқтаған кезде Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл туралы хабарлайды. Біз бәрін бақылауда ұстаймыз", - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу