Дүкен сөрелерін ресейлік тауарлар жайлағаны рас па?

478

Бұл сұраққа ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев нақты жауап бере алмады. 

Дүкен сөрелерін ресейлік тауарлар жайлағаны рас па? Фото: canva.com

Тек сүт, шұжық өнімдері арасында отандық өнімнің үлесі 90-95%-ға жететінін айтып, кейбір санаттағы тауарлар арасында көрсеткіш расымен біршама төмен екенін жасырмады, деп жазады inbusiness.kz cайты.

"Шет елден келген тауарлардың санын анықтау оңай шаруа емес, арнайы тәртіп пен методолгияны талап етеді. Қазан, ақпан айларында біз әріптестерімізбен 4 өңірді, соның ішінде шекараға жақын аймақтарды араладық. Сонда сүт өнімдері, шұжық өнімдерінің 90-95%-ы отандық екенін анықтадық, ал ірімшік сынды тауарлар бойынша үлес 60-55%-ға дейін кемиді. Сондықтан жалпы алғанда отандық тауарлар үлесі 30%-ға дейін төмендеді деген бұрыс тұжырымдама", - деді Қуаныш Елікбаев. 

Мемлекеттік қолдауға келер болсақ, комитет өкілі айтуынша, кешенді жоспар құрылып, кәсіпкерлерге жағдай жасалып, субсидиялар беріліп жатыр. 

"Импортқа қатысты мемлекеттік бақылау шаралары қолға алынған. Былтыр бақылаумен айналысатын барлық мемлекеттік органдармен білесіп арнайы штаб құрылды. Нәтижесінде бірнеше шешімдер қабылданды, мысалы, сүт өнімдерінің кейбір түрлерін елге кіргізуге тыйым салынды, зертханалық тексерулер күшейтілді", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу