Дженин қақтығысында 10 палестиналық қаза тапты

455

3 шілдеде басталған қақтығысты Израиль тарапы "лаңкестік әрекетке қарсы әскери операция" деп атады.

Дженин қақтығысында 10 палестиналық қаза тапты Фото: ВВС

Батыс жағалаудағы Израиль-Палестина қақтығысынан 10 палестиналық қаза тапты. Тағы 3 мыңға жуық тұрғын үйлерін тастап, қашуға мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Беньямин Нетаньяхудың көмекшісі Джениндегі операция аяқталуға жақын, деп мәлімдеді.

Еске салайық, 3 шілдеде басталған қақтығысты Израиль тарапы "лаңкестік әрекетке қарсы әскери операция" деп атады. Олар Дженинде Иран тарапының қолдауымен лаңкестік топ қару сақтап отыр, деп санайды. Ал, Палестина Денсаулық сақтау министрлігі атыстан 100-ге жуық адам жараланғанын жариялады, оның 20-сы ауыр халде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу