E-sport цифрлық тұғырнамасы іске қосылмақ

817

Жобаны Мәдениет және спорт министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп әзірлемек.

E-sport цифрлық тұғырнамасы іске қосылмақ

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтоты Райымқұлова спорт саласын цифрландыру туралы сөз қозғады.

"Спортты дамыту бойынша кешенді жоспарда E-sport цифрлық тұғырнамасы іске қосу көзделіп отыр. Бұл спорт саласын цирфрландыру үшін жасалған бірегей мүмкіндік. E-sport арқылы жалпыға спорт күнтізбелері, бірыңғай спорттық классификация, құрама командалардың құрамдары, спортшылар мен төрешілер туралы ақпараттар мен тағы басқа құжаттар қолжетімді болады", – деді Мәдениет және спорт министрі.

Тұғырнаманы Мәдениет және спорт министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірге әзірлемек. Ол 2020 жылдың соңына дейін еліміздің өңірлерінің бірінде пилоттық жоба ретінде сынақтан өткізіліп, іске қосылмақ.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу