Өңірлерде астық жинау науқаны аяқталып жатыр

273

Биыл 16,4 млн тонна астық бастырылды.

Өңірлерде астық жинау науқаны аяқталып жатыр Фото: inbusiness.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров егін жинау науқанының аяқталу барысына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство басшысының сөзінше, биыл жалпы ауыл шаруашылығы дақылдары жиналатын алаң 24,0 млн гектарды құрады. 

"Оның ішінде астық жиналатын алаң – 17,1 млн гектар. Егін жинау науқанына шамамен 150 мың бірлік трактор, 39 мың астық жинайтын комбайн, 14 мың орақ және 140 мың бірлік басқа техника қатысты", - деді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында.

Министр елдің барлық өңірінде астық жинау аяқталып жатқанын баса айтты. 

"Облыстар әкімдіктерінің деректері бойынша орташа өнімділігі 9,7 ц/га бастапқы салмақта 16,4 млн тонна астық бастырылды, оның 11,4 млн тоннасы бидай. Егер дақылдар бөлінісінде қарасақ, бидай жиналатын алаң 13,4 млн га құрайды, өнімділігі – 8,6 ц/га, 11,4 млн тонна бастырылды. Майлы дақылдар 1,9 млн. га немесе 68%. Орташа өнімділігі 8,4 ц/га болғанда 1,6 млн тонна май тұқымы жиналды. Оның ішінде күнбағыс орташа өнімділігі 11,6 ц/га болып, 747,5 мың тонна бастырылды", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу