Екібастұз қаласында 150-ден астам үй жылудан уақытша ажыратылады

469

Екібастұзда 25 қаңтарда жылу желілерінің зақымдануын жөндеу кезінде бірнеше жеке тұрғын үй мен бір көпқабатты үй жылусыз қалады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Екібастұз қаласында 150-ден астам үй жылудан уақытша ажыратылады Фото: gov.kz

Екібастұз қаласы әкімдігінің хабарлауынша, Целинная, 75, Бұқар жырау, 168, 291А, Кеңшілер-Молодежная, Астана, 34 көшелеріндегі нысандар жылу беруден уақытша ажыратылады. Жылу желілеріндегі ақауды жөндеу жұмыстарына байланысты 174 тұрғын үй мен тоғыз заңды нысан жылусыз қалады.  Жөндеу жұмыстары 3 сағаттан 10 сағатқа дейін созылады.

"Барлық жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жылу беру қалпына келтіріледі", - деп хабарлады қалалық әкімдік.

Айта кетейік, екібастұздықтарға қаңтар айында жылу ақысын қайта есептеуге уәде берілген. Бұл туралы "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Дмитрий Захаров айтты.

Оның айтуынша, қазандық агрегаттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және параметрлерін тұрақтандыру мақсатында станцияда негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп отыр.

Кәсіпорын тұтынушыларға есеп айырысу айы жабылып, есептелгеннен кейін 10 ақпанға дейін жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеу алгоритмін беруге уәде беріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу