Екібастұзда тұрғын үйден өрт шығып, екі адам эвакуацияланды

567

Өртті сөндіруге 2 техника мен 7 қызметкер жұмылдырылды.

Екібастұзда тұрғын үйден өрт шығып, екі адам эвакуацияланды Фото: ашық дереккөзден

Екібастұз қаласында өрт сөндірушілер екі адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"28 сәуірде 12 сағат 57 минутта "101" пультіне Екібастұз қаласы Кеншілер көшесі, 15б мекенжайындағы тұрғын үйдің 2-қабатындағы балконы түтіндеп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері дереу оқиға орнына жетті. Олар 4 шаршы метр алаңда ағаш балкон жанып жатқанын анықтап, тұрғындарды эвакуациялады. Шұғыл шаралар барысында 2 адам құтқарылды, оның біреуі – бала", - делінген хабарламада.

Тілсіз жау 13.15-те толық сөндірілді. Өртті сөндіруге 2 техника мен 7 қызметкер жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу