banner

Елдегі 30 мыңнан астам азамат әскери борышын өтеуге асығар емес

506

Қолында әскерге шақыру қағаздары бола тұра, арнайы пунктерге бармай жүрген қазақстандықтардың саны 30 мыңнан асты. 

Елдегі 30 мыңнан астам азамат әскери борышын өтеуге асығар емес Фото: baq.kz

Бұл туралы ҚР Қарулы күштерінің бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің офицері, подполковник Руслан Тапашев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Биыл іздеуде жүрген азаматтар саны 30 мыңнан асып жығылады.  Былтыр бұл көрсеткіш 37 мыңнан астам адамды құрады. Бұлар – іздестіруде жүрген, әскерге шақырылуға тиіс 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар. Әскери қызметке ұйымдастыруды жүргізуге жергілікті атқарушы органдар жауапты. Жергілікті басқару органдары мен полиция қызметкерлері жоспар құрып, сол бойынша іздестіріп, азаматтарды әскерге шақыру пункттеріне жеткізу бойынша жұмыстар жүргізеді", - деді ол тілшінің сұрағына берген жауабында.

Еске салайық, осыған дейін мерзімді әскери қызметін өтеген 3 мың адам ЖОО-ларда тегін оқи алатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу