Елдегі көліктердің 87 пайызы бензинмен жүреді

224

Бензинмен жүретін жеңіл автомобильдердің көбісі Алматы қаласында тіркелген.

Елдегі көліктердің 87 пайызы бензинмен жүреді  Фото: pixabay.com

Елімізде тіркелген жеңіл автомобильдердің ең үлкен үлесі – 87,5% бензинмен жүреді, ал 8,3% – аралас жанармаймен, 1,9% – дизель отынымен, 0,1% – газбаллонды отынмен және тағы 0,1% электр қозғалтқыш есебінен қозғалады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ресми деректер бойынша, бензинмен жүретін жеңіл автомобильдердің ең көбі Алматыда тіркелген – 496,8 мың, Алматы облысында – 478,6 мың және Астана қаласында – 314,2 мың.

2023 жылдың 9 айы ішінде 9869 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 14016 адам зардап шеккен.

Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда жол апатының саны 3,8%-ға қысқарды, ал зардап шеккендер саны 7,1%-ға азайған.

Сондай-ақ, 1 қазандағы жағдай бойынша, сақтандыру ұйымдары көлік иелерін міндетті сақтандыруға сәйкес 44,9 млн теңге сомасына 80913 сақтандыру төлемін жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу