Елімізде ипотекаға өтінім берушілер азайып кетті

213

2026 жылдың І тоқсанында жаңадан берілген ипотекалық несие көлемі берілімі 12,3% өсіп, 438 млрд теңгені құрады.  

Елімізде ипотекаға өтінім берушілер азайып кетті Фото: novostroev.ru

Алайда бұл өсім нарықтың жанданғанын емес, мемлекеттік бағдарламалардың ықпалы күшейгенін көрсетеді, деп жазады inbusiness.kz сайты naryk.kz порталына сілтеме жасап.

Негізгі көрсеткіштер:

  • "Отбасы банкі" ипотека беруді 54,3% арттырып, 347,5 млрд теңге несие рәсімдеді;
  • Нарықтық ипотека көлемі 53,6% қысқарды;
  • Жеңілдетілген ипотеканың жаңа несиелердегі үлесі 73,9%-дан 85,1%-ға дейін өсті;
  • Коммерциялық ипотеканың үлесі небәрі 14,9% болды.

Ипотекаға берілген өтінімдер саны 20,7% азайып, соңғы екі жылдағы ең төменгі деңгей – 192 мыңға түссе,  үй саудасы 4,5% қысқарды.

Ипотеканың орташа мөлшерлемесі 10% болды, бұл базалық мөлшерлемеден (18%) және инфляциядан (11%) төмен.

Сарапшылардың пікірінше, ипотека нарығы әзірге мемлекеттік бағдарламалардың есебінен өсіп отыр. Ал жоғары базалық мөлшерлеме мен қатаң несие талаптары коммерциялық ипотеканың қалпына келуіне әлі де кедергі болып тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу