Елімізде жеке үйлерге сұраныс артты

184

2026 жылғы қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 35 406 мәміле тіркелді.  

Елімізде жеке үйлерге сұраныс артты Фото: krisha.kz

Бұл тамыздағы көрсеткіштен 1,1%-ға, ал былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 14,3%-ға аз, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сүйенсек, Қазақстанда үй саудасы төртінші ай қатарынан төмендеп барады.

Биыл 9 айда ең көп мәміле маусымда жасалған мәмілелердің саны – 39 053. Одан кейін көрсеткіш үш ай қатарынан төмендеп, қыркүйекте 35,4 мыңға түсті. Ал 2025 жылы ең жоғары көрсеткіш желтоқсанда тіркелген: бір айда 53 128 мәміле жасалды.

2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы мәмілелер санын 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекайларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 5,6% төмендеу байқалды.

Өңірлер арасында Алматы мен Астана алда келеді. Қыркүйекте Алматыда 7 248, Астанада 6 119 мәміле жасалған. Екі қалаға елдегі барлық мәміленің 37,8%-ы тиесілі.

Пәтер мен жеке үй саудасында сұраныс әртүрлі. Тамызбен салыстырғанда пәтерлер бойынша мәмілелер 2,2%-ға азайса, жеке тұрғын үйлер бойынша 2,7%-ға артқан. Әйтсе де сауданың басым бөлігі пәтерлерге тиесілі: қыркүйектегі барлық мәміленің 76,5%-ы осы сегментте жасалып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу