Елорда тұрғындары үшін осы аптада қандай мәдени іс-шаралар бар

725

Көрмелер, концерттер, танымдық дәрістер, бейнеэкскурсиялар. Осы аптада елорданың мәдени мекемелері дәстүрлі түрде қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі бағдарлама дайындап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда тұрғындары үшін осы аптада қандай мәдени іс-шаралар бар

Мемлекеттік академиялық филармония 27 сәуір күні №61 мектеп-лицейінде "Қорқыт" этно-ансамблінің "Ғасырлар үні" атты қайырымдылық концертін өткізеді.

М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры осы аптада төрт қойылым көрсетеді. Сонымен 26 сәуірде Н. Гогольдің "Женитьба" комедиясы, күндіз Г. Гориннің "КИН IV" трагикомиялық астарлы әңгімесі қойылады. 30 сәуір күні сағат 11:00-де М. Бартеневтің "Снегурушка" ертегісін, сол күні кешке Р. Баердің "Смешанные чувства" мелодрамасын көруге болады.

"Жастар" театрының репертуарында осы аптада 4 қойылым бар. 26 сәуірде Б. Бекжановтың "Өмір" драмасы, 27 сәуірде Т. Минуллиннің "Диляфруздың төрт күйі" комедиясы көрсетіледі. 28 сәуір күні сағат 11:00 және 14:00-де бүлдіршіндерге "Ұрпақ тоқпақ" атты қазақ халық ертегісі көрсетіледі. Ал 29 және 30 сәуірде көрсетілетін Қ. Жүнісовтың "Пранк-Махаббат" комедиясы қойылады.

Елордалық қуыршақ театрында 29 сәуір күні сағат 16:00-де және 30 сәуір күні сағат 12:00-де, 14:00-де және 16:00-де Е. Жуасбектің "Ғажайып арман" ертегісін тамашалауға болады.

"Наз" мемлекеттік би театры қонақтарды 29 сәуір күні сағат 17:00-де Халықаралық би күніне арналған "Нұрғиса" хореографиялық спектакліне шақырады. Сол күні (сағат 11:00-де) әртістер Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған "Ынтымағы жарасқан – Қазақстан" концерттік бағдарламасымен өнер көрсетеді.

NOMAD City Hall сахнасында 30 сәуір күні сағат 19:00-де "Алтын шаршы" спектаклі көрсетіледі.

Музыкалық жас көрермен театры 28 сәуірде "Абай-Тоғжан" музыкалық драмасымен ашылады. Түстен кейін көрермендерге "Дүние-ғасыр" метафизикалық драмасы жол тартады, ал 1 мамыр күні "Шәмші" мюзиклі көрсетіледі.

30 сәуір мен 1 мамыр күндері астаналық цирк манежінде көктемгі цирк бағдарламасы өтеді.

25 сәуірде қаланың Біріккен музейлер дирекциясы мен "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешені әлеуметтік желілерде "Саяси зобалаң толқындары" атты онлайн дәріс өткізеді. 27 сәуірде сол платформаларда "Жизнь, прерванная ложью" көрмесі жарияланады.

Сәкен Сейфуллин мұражайы 25 және 28 сәуірде әлеуметтік желілердегі аккаунттарында дәстүрлі бейнеэкскурсия өткізеді, ал 26 сәуірде "Үш бәйтерек" айдарынан бейнеролик жариялайды. 29 сәуірде мұнда "Бақыт жолында" атты онлайн-фотокөрме өтеді.

Сондай-ақ Біріккен музейлер дирекциясының беттерінде "Қазыбек биге 355 жыл" дәрісін тыңдап, "Қазақстанның ұлы қолбасшылары" онлайн-сабағын көруге болады.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі осы аптада көптеген іс-шаралар дайындады. 29 сәуір мен 3 мамыр аралығында №5 балалар кітапханасында "Өнер бақшасының бұлбұлы" атты тақырыптық сөре жұмыс істейді. 25 сәуірде №2 Балалар кітапханасы "Сыпайылық еліне саяхат" тақырыбында дәріс өткізеді, ал күндіз №2 бұқаралық кітапханада "Қазақстан елтаңбасының авторлары Шот-Аман Уәлихан" атты кітап көрмесін ұйымдастырады. 27 сәуірде №5 бұқаралық кітапханада "Флора" жабық өсімдіктер гүл өсірушілер клубы жиналады, 28 сәуірде №9 бұқаралық кітапхана "Парасат жолы" бағдарламасы аясында "Біз біргеміз және татумыз" атты шолу-сұхбатқа шақырады. Күндіз №5 балалар кітапханасында "Біз бір халықпыз, бір елміз" атты әдеби сағат, ал № 8 балалар кітапханасында атты дөңгелек үстел өтеді. 30 сәуір күні № 5 бұқаралық кітапханада "Путь к успеху" іскерлік әдебиет әуесқойлары клубының қатысушыларының кездесуі өтеді.

"Жастар" сарайы 28 сәуірде елордалық филармония залында концерттік бағдарлама ұйымдастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу